KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменнің "АзияАвтосы" қостанайлық «СарыарқаАвтоПромнан» қалып қойды

22.10.2019, 05:03 120

«АзияАвто» (Өскемен) көлік шығару көрсеткіші бойынша қостанайлық «СарыарқаАвтоПромнан» қалып қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазақстандық автобизнес Ассоциациясының мәлімдеуінше, биыл елімізде 33 500 көлік құрастырылған. Басым көпшілігі жеңіл мәшинелер десек те, коммерциялық мақсаттағы көліктердің саны да арта түскен. Мәселен, жүк көліктері – 2,5 пайыз, автобус 3,5 пайыз көбейген.

Осы орайда былтыр көш бастаған жергілікті кәсіпорын – «АзияАвтоның» екінші орынға сырғып түскенін айта кеткен абзал. Мұнда Lada, Kia, Skoda, Uaz маркалары құрастырылатыны баршаға аян.

Ал бұл кәсіпорынды оп-оңай басып озған «СарыарқаАвтоПром» Hyundai, JAC, Ravon сынды маркаларды былтырғыдан екі есе көп шығара бастады.

Бір қуаныштысы, Семейдегі «СемАЗ» компаниясы (жергілікті) жүк көліктерін құрастыру ісін дұрыс жолға қоя білді. Олар жыл соңына дейін коммерциялық мақсатта пайдаланылатын 3 000 мың көлік шығармақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив