KZ
Өскемен
-3°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
478.96 533.03 5.22

Қазақстанда Toyota Camry сатылым жағынан көш бастап тұр

15.05.2019, 10:10 274

Қазақстанда 2019 жылдың сәуір айында жаңа автокөліктердің сатылымы ағымдағы жылдың наурызымен салыстырғанда 14 пайызға артты. Ең танымал автомобильдер Lada, Toyota мен Hyundai болды. Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығы хабарлайды.

Алғашқы үштікке барлық сатылымдардың 60 пайызы тиесілі, Lada дилерлері 1 323 автокөлік (өткен аймен салыстырғанда 14 пайызға көп), Toyota – 1 209 автокөлік (сегіз пайызға көп), ал Hyundai – 1099 көлік (+28 пайыз) сатқан.

Сондай-ақ Kia (сәуірде 395 көлік сатылған, +63 пайыз) мен Lexus (158 көлік, +66 пайыз) маркалы автомобильдердің де сатылымы артқан. Алғашқы ондықта Nissan (139 көлік), Renault (123), Skoda (112), Volkswagen (88) мен Chevrolet (66) те бар.

Ал модельдерге келер болсақ, бұл жағынан Toyota Camry көш бастап тұр. Жыл басынан бері мұндай автокөліктің 500 данасы сатылған. Бұдан кейінгі орындарда Lada Granta (394 көлік) пен Lada 4×4 (352 көлік) орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив