KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Екпеден бас тартқандарға қандай шара қолданылуы мүмкін?

5.04.2019, 11:09 186

Қазақстанда екпе алудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл норманы Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске енгізу жоспарлануда.

Мұндай шаралар кешені адамдарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді деп күтілуде.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, қазір адамдар өз денсаулығына немқұрайды қарап, барлық жауапкершілікті медицина қызметкерлеріне артады екен. Көп жағдайда ауруды емдеу қиынға соғады. Сондықтан шаралардың көбі олардың алдын алуға бағытталған.

-Біз ана мен баланың саулығына бағытталған шаралар кешенін ұсынып отырмыз. Бұл ең алдымен адамдарды уақытында есепке тұруға ынталандырады. Сондай-ақ, есепке уақытында тұрмаған, дәрігерге қаралмаған және екпеден бас тартқан адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды енгізу жоспарда бар. Қазір бұл ұсыныс қаралып жатыр, - дейді министр.

 

Айта кетсек, бір екпеден бас  тартқандарға 25 мың мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, екпе алмаған балаларды балабақшаға қабылдамау жөнінде де мәселе қаралуда.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу