KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
479.08 533.5 5.26

Өскеменде жер үй салу және оның құжаттарын жөндеу жолдары жеңілдей түсті

17.10.2019, 08:37 171

Өскеменде жер үй салу және оның құжаттарын жөндеу жолдары жеңілдей түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қыркүйек айында Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлікті реттеуді жүзеге асыру туралы» заңнамасына бірқатар толықтырулар енгізілген еді. Айталық сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда екі қабаттан аспайтын жер үй салу мәселесе қайта қаралған болатын. Осыған қатысты қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұратхан Сағатов мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша жер үйдің салынуы және оның құжаттарының реттелуі мындай кезеңдермен жүзеге асады:

Біріншіден үйдің жобасын әзірлеуге қажетті материалдарды аталмыш бөлімге бармай-ақ, портал арқылы алуға болады.

Екіншіден үйдің эскиз-жобасын жекеменшік фирмалармен Интернет арқылы келісіп, әзірлеуге болады.

Үшіншіден нысанның құрылыс жұмыстарын үй иесі өзі жүргізе алады.

Төртіншіден тұрғындар салынған нысанды пайдалануға қабылдап алу кезінде өзі ғана шешім шығарады.

Бұрынғыдай жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Тек халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тіркеу жасаса жеткілікті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив