Қазақстан Интернет жылдамдығы бойынша 64 орында – Energyprom
Қазақстан Интернет жылдамдығы бойынша әлем елдері арасында 64 орынға тұрақтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Energyprom сарапшылары мәлімдеді. Қазіргі уақытта елімізде тіркелген Интернет жылдамдығы – 38,3 Mb/s.
Интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы Сингапур (193,9 Mb/s), Гонконг (161,2 Mb/s) және Оңтүстік Корея (160 Mb/s) болып танылды. Үздік бестікке Румыния (131,2 Mb/s) мен Тайвань да (129,4 Mb/s) кіріп отыр.
Сондай-ақ сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда Интернетті пайдаланушылар көбейіп келеді. 2019 жылдың тамыз айының соңында республика көлемінде Интернеттің 2,5 миллион абоненті бар екені анықталды. Бұл жерде Интернеттің 14 абоненті 100 адамға шақ келетінін ескеріңіз.
Ал Интернет қолжетемді ұялы байланыс абоненттерінің саны 15,1 миллион. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,5%-ға көп. Айта кетейік, 100 адамға 82 ұялы байланыс абоненті пара-пар.