-7 градус. Қазанның алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?
Қазанның алғашқы күнінде ауа райы қандай болады? «Қазгидрометтің» болжамын ұсынамыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мамандардың айтуынша, Шығыс Қазақстанда күн алабұлтты. Бірақ жаңбыр жаумайды. Кей жерлерді тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Аймақтағы ауа температурасына келер болсақ, күндіз 4-9 градус жылы, түнде 2-7 градус нөлден төмен.
Оқи отырыңыз