KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

70 келі мақта жинаған. 92 жастағы кейуананың «ерлігін» насихаттамақ болған билік өкілдері сынға ұшырады

30.09.2019, 11:52 226

Өзбекстанда 92 жастағы кейуана бір өзі 70 келі мақта жинаған. Қарттың «еңбекқорлығын» жастарға үлгі етпек болған Ташкент облысының басшылығы жергілікті халықтың ашу-ызазын қоздырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ташкент басшылығы еңгейген қарттың егіс алқабында жүріп, мақта жинағанын мақтан көрсе керек. Пскенттен келген Куйсина Анорбоеваға теледидар сыйлап қана қоймай, кейуанамен суретке түсіп, көпке жария еткен.

Ал өзбекстандықтар билік өкілдерінің бұл «жомарттығына» наразы.

«Біздің басшылық барлыққа қарттарға бейнетінің зейнетін осылай көрсетеді, – деп күйіне жазды Kun.uz сайтын қолданушы Ахрор Юнусов.

Ал Нарғыз Тұрсынов есімді азамат:

«Мақта алқабында – қарт адам... Бұл ұят», – деп пікір қалдырды.

EADaily ақпаратына сүйенсек, Өзбекстан әлемдегі ең ірі шитті мақта және мақта өнімдерін өндірушілердің бірі болып саналады. Айталық 2018 жылы бұл елде 2,3 миллионн тонна мақта дайындалыпты.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив