KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2,2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскеменнен Ресейге контрабандалық жолмен тауар тасығандар ұсталды

2.09.2021, 11:23 103

«Шемонаиха» теміржол өткізу пунктінің шекарашылары желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге «Өскемен» станциясында халық тұтынатын тауарларды құрылыс материалдары ретінде көрсетіп заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Жүк құрамы Өскемен қаласынан Ресейдің Рубцовск қаласына бағытталған. Тауарлық-ілеспе құжаттарда күлмақта, силикатты мақта және соған ұқсас заттар деп көрсетілген, алайда оның орнына 130-150 текше метрге жуық аяқ киім табылды.

- Қылмыстық кодекстің 195-бабының 1-тармағы бойынша қарастырылған «Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру» қылмыс құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив