ШҚО-ның бас дәрігерлері Ұлыбританияға оқуға кетті
Кеше ШҚО-дағы медициналық мекемелердің бас дәрігерлері Тұманды Альбионның астанасы Лондонға жол тартты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бір айлық оқу-тағылымдамаға барлығы 24 адам қатысады. Бұл оқу аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қолдауымен облыстағы медициналық қызметкерлердің шетелдік емханаларда біліктілігін арттыру бойынша үш жылдық Бағдарламаны жүзеге асыру аясында мүмкін болып отыр.
Емхана басшылары Лондондағы Патша колледжі мен Империал колледжінде «Медициналық ұйымның менеджменті» бағдарламасы бойынша білім алып, тәжірибе жинайды.
Оқи отырыңыз