ШҚО-ның дәрігерлері жарты жылға шетелге жіберіледі
ШҚО-ның медициналық мекемелеріндегі дәрігер мамандар 6 айға шетелден білім алуға жіберілетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен отырыста аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.
- Біздің дәрігерлерді шетелдік емханалардан біліктілігін арттыруға 6 айға жіберу қажет. Ал отбасындағылар сағынбас үшін, үш ай өткен соң бір аптаға үйіне келіп кетуге рұқсат етіледі. Жол ақысы бюджет есебінен төленеді, - деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ, аймақ басшысының айтуынша, жарты жылға үш айлық оқудан өтіп келгендерді ғана жіберу керек екен.
Оқи отырыңыз