ШҚО медбикелері шет елде тәжірибеден өтеді
ШҚО-да медициналық кадрлар дайындау форматына өгерту енгізілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Еске сала кетсек, облыс дәрігерлері бұған дейін шет елде үш айлық іс-тәжірибелерден өткен еді. Ал енді оның оқу мерзімін осы жылы жарты жылға дейін ұзарту көзделіп отыр.
– Осыдан екі-үш жыл бұрын Англияға оқуға барған дәрігерлер, тағы да жарты жылдық оқуға аттануы тиіс. Мықты дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетіп жүретін медбикелер де, Еуропада оқып тәжірибе алмасуы керек. Сол себепті, осы жылдан бастап бағдарламада дәрігердің көмекшілері де болсын – дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз