"Алтай" тағы бір мәрте ел кубогіне ие болды
Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел кубогі мәреге жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бірнеше күнге ұласқан дүбірлі додада үшінші орынға "Алматы" мен "Жетісу" командалар таласқан болатын. Турнирдің фавориттерінің бірі саналған "Жетісу" басым түсті.
Ал финалда "Алтай" мен "Ертіс-Қазхром" кездесті. Сана Анарқұлова бастаған жерлестеріміз жылдағы дәстүрінен биыл да жаңылған жоқ. 25:22; 31:29; 25:22 есебімен басым түсіп, ел кубогінің жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, жарыс Өскемен қаласында өткен болатын.
Оқи отырыңыз