KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 17 м/с, З
527.58 546.15 5.29

Семей әкімдігі зейнеткердің шұрық-тесік үйін жөндеп береді

16.09.2019, 11:07 136

Семей әкімі қаладағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың жағдайымен танысып қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шаһар басшысы Ермак Сәлімовтың қабылдауында 29 отбасы болды. Билік тарапынан қолдау сұраған көп балалы және жалғыз басты аналардың арыз-тілектерін тыңдаған әкім қаладағы жедел жөндеуді талап ететін үйлерді аралап шықты.

Солардың бірі Комсомол ауданындағы 73 жастағы зейнеткердің үйі. Жаңбыр жауған сайын төбесінен шелектеп су ағатын үйге қала әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізетін болыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу