KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Головкиннің бапкер ауыстырғаннан кейінгі өзгерісі фотосуреттен көрінді

14.09.2019, 05:16 198

Желіде қазақстандық Геннадий Головкиннің 39-1-1, 35 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчеспен қоштасқанға дейінгі және одан кейінгі суретінен жасалған коллаж тарады, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бірінші фото 2017 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жек алдындағы суреті, ол кезде Санчеспен жаттыққан. Екінші фото 2019 жылы маусымда канадалық Стив Роллспен жұдырықтасар алдындағы сурет, бұл жолы ол рингке Джонатан Бэнкстің дайындауымен шыққан.

 «Төменгі фото - Санчес кезіндегі 2017 жыл, жоғарғысы - Бэнкспен екі ай жаттығудан соң. Таңғаларлық форма, айтарлықтай мығым көрінеді», - делінген коллаж жазбасында.

Айта кетейік, Бэнкспен қоса Головкин командасына тамақтандыру бойынша маман да келген, ол екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен жұмыс істегенімен белгілі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив