KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

Өскеменде волейболдан ел кубогі басталды

16.09.2019, 06:14 170

 

Өскеменде волейболдын әйелдер арасындағы ел кубогі басталып кетті. Оған қай командалар қатысатыны туралы бұған дейін жазғанбыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жарыс басындағы техникалық митингіден қатысушы командалардың барлығы өтті. Жиналыста Волейбол федерациясындағы соңғы өзгерістер жайы айтылған болатын. Мәселен, биылғы жарыста видео-челлендж пайдаланылады. Даулы жағдайда ойыншылар да, төрешілер де осы бейнебақылаудың көмегіне сүйене алады.

Айта кетейік, алғашқы ойын күнінің нәтижесі бойынша «А» тобында «Алтай» (ШҚО) мен «Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан), «Б» тобында «Жетісу» (Алматы облысы) мен «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) командалары жеңіске жетті.

Бүгінгі кездесулер:

11:00. «Жетісу-2» – «Алматы»,

13:00. «Жетісу» – «Ертіш-Қазхром»,

15:00. «Тараз» – «Қуаныш»,

17:30. «Алтай» –  «Алтай-2».

Айта кетейік, жарыс Жекпе-жек спорт кешенінде болып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив