Семейдегі «Өрлеу» бала бақшасына қатынайтын автобустардың жұмысы қатаң бақылауға алынды
Семейдегі «Өрлеу» бала бақшасына қатынайтын автобустардың мәселесі шешілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, осыдан бірер сағат бұрын бала-бақша алдына жиылған семейліктердің қалалық жолаушылар тасымалдау қызметіне білдірген арыз-шағымдары жайлы жазған болатынбыз. Мәселе бүгін оң шешімін тапты. Биліктегілердің айтуынша, «Инфобус» бағдарламасы істен шығып, автобус жүргізушілері өз жұмыстарына салғырттық танытқан. Осыған байланысты бүгін Ұшақтар ауданына шаһар басшысы Ермак Сәлімов барып қайтты.
– Автобустардың аялдамаға жетпей бұрылып кететін айналма жолдары жабылды. Енді аудан қатаң бақылауға алынады, – дейді әкімдіктегілер.