Семейдегі «Өрлеу» балабақшасына апаратын жолдың мәселесі шешіледі
Естеріңізге сала кетсек, біздің редакция осыдан біраз уақыт бұрын Семейдегі су жаңа «Өрлеу» балабақшасына апарар жолдың жөндеуді талап ететінін жазған болатын. Мәселе оң шешімін тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындардың наразылығын тудырған жол жөндеуден өтетін болды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.
– Ұшақтар ауданына су тартылып жатқандықтан осындай мәселе туындады. Оның үстіне толассыз жауған жауын да жағдайды ушықтырып жіберді. Әрине, жақында шешімін табамыз. «Ралли-С» фирмасына тиісті жұмыстар жүктелді. Қазылған шұңқырлардың бәрі де жабылады. Тас жолдан бала-бақшаға дейін жол салынады, жұмыстарды Ермак Сәлімов өз қадағалауына алды, – дейді қалалық әкімдікте.
Айтпақшы, бала-бақша маңына жаңа аялдама қойылғанын да атап өткен жөн.