KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Семей полигонынан зардап шеккен 4 мыңдай адам куәлік рәсімдеген

3.09.2019, 04:00 125

ШҚО-да, тамыз айындағы мәлімет бойынша, 4 мыңдай адам полигоннан зардап шеккені туралы куәлік рәсімдеген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Абай ауданы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме беріп.

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Баршаға мәлім, Қазақстанда ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргізілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы бойынша 2924 теңге төлем тағайындады. Зардап шеккендерге берілетін өтемақы мөлшері радиациялық қауіп аймақтарына қарай бөлінеді. 

– Аталған біржолғы өтемақыны алу үшін сынақ салдарынан зардап шеккен аймақта тұрғандар тіркеуден өтіп, тиісті куәлік алуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну қажет. Қызметті алу үшін азаматтар өтініш жазып, төл құжат көшірмесін, мекенжай анықтамасын, банктегі шотының нөмірін, сондай-ақ 1949-1990 жж. ядролық сынақтар өткен аймақта тұру фактісін растайтын құжаттарын өткізеді, – деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияның қызметкері. 

Айта кетейік, тамыз айында Семей полигонынан зардап шекті деген ШҚО тұрғындары 4 мыңға жуық куәлік рәсімдеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив