KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Биыл 4 мыңға жуық адам экологиялық куәлік ресімдеген. ШҚО

31.08.2019, 06:38 240

Биыл 4 мыңға жуық шығысқазақстандық экологиялық куәлік ресімдеген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биыл 4 мыңға жуық шығысқазақстандық ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендер есебінде экологиялық куәлік ресімдеген.

Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ШҚ облыстық филиалы хабарлады.


– 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні екені барлығымызға белгілі. Елімізде қасірет әкелген ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргізілді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы бойынша 2924 төлем тағайындады. Зардап шеккендерге берілетін өтемақы мөлшері радиациялық қауіп аймақтарына қарай бөлінеді, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ШҚ облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Азамат Есембулов.


Жауапты тұлғаның хабарлауынша, аталған бірреттік өтемақыны алу үшін сынақ салдарынан зардап шеккен аймақта тұрғандар тіркеуден өтіп, тиісті куәлік алуы тиіс көрінеді. Бұл үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну қажет. Қызметті алу үшін азаматтар өтініш жазып, төл құжат көшірмесін, мекенжай анықтамасын, банктегі шотының нөмірін, сондай-ақ 1949-1990 жылдары аралығында ядролық сынақтар өткен аймақта тұру фактісін растайтын құжаттарын қоса өткізеді.
Қоса кетсек, 2019 жылдың 8 айында Семей полигонынан зардап шекті деген өңір тұрғындарына 4 мыңға жуық куәлік ресімделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив