KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1,7 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Күршімде мемлекеттік рәміздерге арналған монумент ашылды

3.09.2019, 03:45 218

Күршім ауылында Конституция күніне  орай  мемлекеттік рәміздерге арналған монументтің салтанатты ашылуы болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Монументтің лентасын қоғамдық кеңестің төрағасы Советхан Искаков, әділет саласының еңбек ардагері Айгүл Мұхамадиева, №3 Күршім гимназиясының «Ұланбасы», «Алтын белгіге» үміткер Жансерім Бауыржановлар қиды.

Іс - шара  барысында аудан тұрғындарын аудан әкімі Д.Қажанов  құттықтап,  «Нұр Отан» партиясының қатарына алғаш кірген мүшелеріне партия билеттерін табыстады. Күршім аудандық сотының төрағасы Н.Байжумин, аудандық мәслихат депутаты, «Күршім» балалар бақшасының меңгерушісі Н.Құдабаева, Күршім №5 орта мектебінің жас маманы, тарих пәнінің мұғалімі Д.Тохтарханов аудан халқына  жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар салтанатты іс-шара барысында мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.

Салтанатты шарадан  кейін аудан тұрғындары мен өнерге жақын жандардың, сонымен қатар Мәдениет үйінің әртістері көрермендер назарына мерекелік концерт ұсынды. 

Мереке барысы алуан түрлі спорттық жарыстарға ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив