KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
487.42 531.39 5.04

Дональд Трамп Моңғолия қазақтарының үйіне қонақ болып қайтты (ФОТО)

27.08.2019, 04:46 174

Алтай тауларын аралап жүрген Дональд Трамп Моңғолия қазақтарының киіз үйінде бір апта қонақ болды. АҚШ президентінің үлкен ұлы алған әсерімен Instagram желісінде бөлісті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Достар, Моңғолияны қызықтай жүріп, ұлым Донни екеуміз киіз үйде бір апта қонып қайттық. Жол таңдаймайтын көлікпен және салт атпен мыңдаған шақырымдарды басып өттік. Бұл шынымен де мен бұрын соңды көрмеген көрікті мекен. Мұндағы адамдар да ерекше мейірімді. Осындай таңғажайыптан кейін интернет желісіне оралғаным үшін шынымен де көңіл күйім түсіп кеткендей, – деп жазды кіші Дональд Трамп.

Америка президентінің ұлы желіге бірнеше фотосурет салған. Ондағы киіз үйден қазақы ою-өрнекті көруге болады.
Трамп саяхат барысынан көбірек фотосурет жариялауға уәде етті.

Кіші Дональд Трамппен бірге түскен фотосуреттерді әлеуметтік желіге жүктеген Жандос Қоңтарбай Ақат есімді Моңғолия қазағы америкалық меймандардың саяхат кезінде бақташылардың қосына барып, көшпелі өмірмен танысқанын жазады.

«Мен үйге кірген кезде, әкем, оны ыстық шаймен қарсы алды. Кіші Дональд Трамп әкемнің құрметіне риза болды. Осы саяхатты ұйымдастыруға көмектескендерге көп рахмет. Біз бірге Моңғолияның туризмін әлемдік аренада ілгерілете аламыз», - деп жызды ол facebook парақшасында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив