Өскеменде магистратураға тапсырушы 35 үміткер аудиториядан шығарылды
Өскеменде магистратураға тапсырушылардың 827-сінен смартфон тәркіленді. 35 оқушы аудиториядан шығарылды. Сонымен қатар, тестілеу залына кірген екі бөгде адам ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
1-15 тамыз аралығында өткен тестілеуге 31 мыңнан астам адам қатысқан екен.
- Телефон, смарт-сағат, шпаргалка қолданғандарды бірден аудиториядан шығарып тастадық, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің маманы Гүлнұр Бекбаева.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын кешенді тестілеудегі талапкерлердің жасаған қитұрқы әрекеттері жайлы жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз