KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда магистратураға тапсыруға келген 5705 үміткердің 4014-інен смартфон тәркіленді

14.08.2019, 09:46 167

Бұл туралы ҚР-ның Білім және ғылым министрі Асхат Аймахамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын магистратура мен докторантураға түсу тәртібінің өзгергені жайлы жазған едік. Жаңа форматтағы кешенді тестілеу 10-тамызда басталған болатын.

– Бірінші күннің нәтижесіне келер болсақ, тестілеуге келген 5705 қатысушының 4014-і смартфонмен ұсталды. Ал, 216 үміткер тыйым салынған заттарды пайдаланған. Олардың нәтижелері жойылды. Сондай-ақ, тестілеуге 10 бөгде адам кірген. Аталған факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданатын болады, – деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив