ШҚО-да Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылады
Көкпекті ауданының Самар ауылында Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылады. Бұл жайында облыс әкімі Даниал Ахметовтің бүгін Көкпекті ауданына жасаған жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары қызып жатқан Самар ауылындағы орталық алаңға ақын ескерткіші орнатылады. Ескерткіш қойылған аумақ түгел абаттандырылып, қоршалады.
- "Бұл жер көп ұзамай самарлықтардың сүйікті демалыс орнына айналмақ. Бар шаруа сапалы атқарылуы керек,"- деді аймақ басшысы.
Мердігер мекеме"Бота" ЖШС алаңды 23 тамызға дейін тапсырамыз деп отыр.
Бұл күні Абай атындағы орталық алаң салтанатты түрде ашылып, облыстық Абай оқулары өткізілетін болады.