Қазақстаннан жарты жылда 20 мың адам көшіп кетті – Energyprom сарапшылары
Қазақстаннан жарты жылда 20 мың адам көшіп кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Energyprom сарапшыларының зерттеуіне сүйенсек, бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 17 пайызға артық.
Азаматтар Қазақстаннан көбіне Ресейге, Германияға және Өзбекстанға жиі қоныс аударады екен.
– 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанға келгендерге қарағанда шетке қоныс аударғандар саны әлдеқайда көп. 20,1 мың адам көшіп кетті, өткен жылмен салыстырғанда 16,9%-ға артық (17,2 мың адам), – дейді сарапшылар.
Ал өз кезегінде, биыл Қазақстанға барлығы 5,6 мың адам келіпті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға кем (6,4 мың адам).