KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 2 м/с, В
480.5 534.22 5.18

Бүгін Өскеменде балаларға арналған ерекше ойын алаңы ашылады

16.08.2019, 05:09 294

16-17 тамыз күндері Өскеменде балаларға арналған «Алёша» ойын алаңының ашылуы өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Баланың ой-өрісі мен қиялына қанат бітіретін ойындарға 3 жастан 15 жасқа дейінгілер қатыса алады. «Lego» құрастырғыштары арқылы баланың интеллектуалдық қабілеті артып, саусақтардың ұсақ моторикасы дамиды.

– «Lego» құрастырғыштар әлемі сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Біздің орталықта балаңызды бірнеше сағатқа қалдырып, алаңдамай жұмысыңызды тындыра берсеңіз болады. Өйткені, ойын алаңында балалармен жұмыс істейтін, арнайы қызметкерлер бар, - дейді орталық басшысы.

Айтпақшы, ашылуы бүгін Чехов көшесі 72а мекенжайы бойынша орналасқан «Дети» сауда үйінде өтеді. Салтанатты ашылуға қатысқан балаларға арнайы сыйлықтар табысталмақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив