KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
517.66 606.49 6.44

Семейде балаларға арналған ерекше ойын алаңы ашылды

24.07.2019, 06:23 529

Бүгін Семейде балаларға арналған «Starbricks» ойын алаңы ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Баланың ой-өрісі мен қиялына қанат бітіретін ойындарға 3 жастан 15 жасқа дейінгілер қатыса алады. «Lego» құрастырғыштары арқылы баланың интеллектуалдық қабілеті артып, саусақтардың ұсақ моторикасы дамиды.

– «Lego» құрастырғыштар әлемі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Біздің орталықта балаңызды бірнеше сағатқа қалдырып, алаңдамай жұмысыңызды тындыра берсеңіз болады. Өйткені, ойын алаңында балалармен жұмыс істейтін, арнайы қызметкерлер бар, - дейді орталық басшысы.

Айтпақшы, ашылуы бүгін сағат 15:00-ге жоаспарланып отыр. Өтетін орыны: Қазына сауда үйі, 4-ші қабат.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу