Өскеменде Қала күніне орай 19-шы ықшам ауданындағы аллея ашылады
Өскеменде Қала күніне орай бірнеше нысанды абаттандыру жұмыстары аяқталады, оның ішінде қалаға кіре берістегі Шешек тауында орналасқан стела да бар. Қазіргі таңда бетоннан құйылған тұғырды ауа райы жағдайына төзімді болып келетін арнайы бояумен қаптау жұмыстары ғана қалды.
Сонымен қатар Қала күніне қарай 19-шы ықшам ауданындағы аллея да ашылады. Қазір онда орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылып, екі воркаут алаң орнатылуда.
Бұлардан бөлек, қыркүйектің соңына дейін "Менің аулам" бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен 55 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталады. Аталмыш бағдарламаның Юбилейный көшесіндегі 13-ші және 15-ші үйлердің ауласына пайдасы зор болды. Көп уақыттан бері тұрғындар балаларға арналған алаңды өз күштерімен күтіп ұстап жүріпті, алайда метталл конструкциялар мүлде жарамсыз күйге түскен. Енді бұл аулада түрлі жаттықтырғыштармен жабдықталған балаларға арналған ойын алаңы пайда болады.