KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 2 м/с, В
480.5 534.22 5.18

Балабақшада ерекше орталық ашылды - Алтай

16.01.2020, 06:10 157

Алтайда балаларға арналған «Lego» орталық ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Роботтар мен құрастырғыштар түрлі  химиялық тәжірибелер, иә, осының бәрі бір ғана LEGO-орталықта бар. Ал бұл орталықтың балабақшада ашылуына Казцинк мекемесі қолдау көрсеткен.

"Жасмин" балабақшасына баратын әрбір бала енді өзін жас инженер немесе зерттеуші ретінде сезінуі мүмкін. Өйткені «Lego» орталығында қажеттінің барлығы бар.

- Баланың қиялы мен ұсақ моторикасын дамытып, ой-өрісін кеңейтетін орталықты ашуды үнемі армандайтын едік. Тәрбиешілер оқыту бағдарламасын әзірлеп, тіпті құрастырғыштарды да сатып алғанбыз. Алайда бөлмені жабдықтауға қаражат жетпеді. Осыған байланысты біз "Казцинк" мекемесінен көмек сұраған болатынбыз. Олар бізге үлкен қолдау білдіріп, бір бөлмені арнайы жабдықтап берді, - дейді "Жасмин" бала-бақшасының меңгерушісі Оксана Целовальникова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив