KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Аң аулау ережесіне өзгерістер енгізілді

13.08.2019, 10:04 227

Аң аулауға шықпас бұрын ережеге үңіліңіз, өйткені 2019 жылдаың басынан аталмыш құжатта бірқатар өзгерістер мен толықтырулар орын алған болатын. Бұл жөнінде Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы ШҚО аумақтық инспекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аумақтық инспекция мамандары өсімдік және жануарлар дүниесінің сақталуына бағытталған рейдтік шараларды жиі өткізіп тұрады, - дейді Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы ШҚО аумақтық инспекциясының бас маманы Ерік Дайырбаев. – Аң аулау ережесін бұзған азаматтарға еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 382-бабы бойынша айыппұл салынады. Аңшылар мұндай бұзушылыққа көбінесе ережені білмегендіктен және талаптарын сақтамағандықтан, сондай-ақ аңшылық шаруашылықтары шекарасын анықтай алмағандықтан барып жатады.

Облыс аумағындағы 57 аңшылық шаруашылықтарының 26-сы резервте тұрғанын алға тартқан жауапты тұлға оларда аңшылық кәсіпті жүргізуге болмайтынын тілге тиек етті.

- Аңшылық шаруашылықтары аумағында аңға шығу үшін азамат өзімен бірге жолдаманы, аңшы куәлігін және ішкі істер органдарының оқ ататын қаруға берген рұқсат қағазын бірге алып жүруі керек. Сондай-ақ тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды аулау аңшылық шаруашылық егерінің немесе жанауарлар дүниесін қорғау инспекторының қатысуымен ғана жүзеге асып, тіркелуі қажет, - деп қосты Ерік Дайырбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу