KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Көкпектінің ауылында жедел жәрдем шақыратын телефон жоқ

6.08.2019, 09:29 183

– Көкпекті ауданы Биғаш ауылдық округіне қарасты Комсомол ауылындағы жалғыз ғана телефонның істен шыққанына бірнеше ай болды. Ауыл әкіміне, аудандағы «Қазақтелеком» бөлімшесінің басшылығына мәселені бірнеше мәрте айтқанымызбен, нәтиже шықпады. Ауылда қазір небәрі төрт-ақ үй қалдық. Телефонның жоқтығынан ауырғанда жедел жәрдем де шақыра алмаймыз. Осы мәселені шешудің жолы бар ма?


Рымхан Кибижанов,
Көкпекті ауданы.

Сауалға Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов жауап береді:

– Көкпекті ауданы Биғаш ауылдық округіне қарасты Комсомол ауылының тұрғыны Рымхан Кибижановтың берілген арызы негізінде Көкпекті аудандық «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері телефон құрылғысын жөндеу барысында телефон құрылғысының (плато) жөндеуге жарамсыз екендігін анықтады. Аталған құрылғының жабдығына Өскемен қаласына сұраныс берілді. Телефонның ұзақ уақыт қойылмау себебі, қазіргі уақытта оның керекті құрал жабдығы өндірістен алынған. Сондықтан қазіргі уақытта Кибижанов Рымханың үйіне ескі телефонның орнына «Senao» радиоұзартқыш телефон байланысы орнатылып, іске қосылды. Қазіргі жаңа абоненттік нөмірі 23-710.
Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 14-бабы, 6 тармағына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа шағымдануға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу