KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Шығыстағы таратылған ауылдардың тізімі. Енді картада болмайды

5.11.2019, 10:45 231

ШҚО-да бірнеше ауыл таратылады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясында мәлім болды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

 

Ұлан ауданы бойынша:

Бозанбай ауылдық округіне қарасты Ақжартас, Қызылсу ауылдары таратылды.

 

Көкпекті ауданы бойынша:

Биғаш ауылдық округінің Комсомол ауылы таратылып, Егінбұлақ ауылының құрамына енгізілді;

Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтің Кіші Бөкен ауылы таратылып, Үкілі қыз ауылының құрамына енгізілді.

 

Күршім ауданы бойынша:

Ақбұлақ ауылдық округінің Алтай ауылы таратылды;

Күршім ауылдық округінің Діңгек ауылы таратылды;

Қалғұты ауылдық округінің Жылытау ауылы таратылып, Қаратоғай ауылының құрамына енгізілді;

Құйған ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы таратылып, Қайнар ауылының құрамына енгізілді;

Марқакөл ауылдық округінің Тентек ауылы таратылды.

 

Шемонайха ауданы бойынша:

Октябрьский ауылдық округінің Садовое ауылы таратылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив