KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Құрбан айт мейрамы қашан басталатыны айтылды

5.08.2019, 04:08 136

Құрбан айт мейрамы қай күнге белгіленген айтты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбіге, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады. 

Құрбан айт мейрамы 11 тамыз күні басталады. Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

– Ай күнтізбесі бойынша, бұл күн Зүл-Хиджа айының 10-шы күні, ал 2019 жыл ай хижраның 1440 жылына сәйкес келеді. Содай-ақ, ислам дінінің бес парызының бірі – қажылықтың аяқталуы да дәл сол уақытқа түседі. Қажылық тек белгілі бір күндерде жасалады және әрқашан мереке күні аяқталады, – деді басқарма қызметкері.

Айта кетейік, Құрбан айт мейрамын Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан сынды мұсылман мемлекеттерімен қатар, Татарстан, Башқұртстан, Шешенстан, Дағыстан, Кабардино-Балкария, Адыгей және Ресейдің мұсылмандар көп тұратын қалаларында да атап өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив