KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Көкпекті ауданына алты елден спортшылар келеді (ВИДЕО)

31.07.2019, 11:28 217

23-25 тамыз аралығында Көкпекті ауданында қазақ халқының  Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай халықаралық "Толағай Сұлтаны" сайысы өтеді.

Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түрікменстан, Моңғолия және Қытай мемлекеттері байқауға қатысу үшін өздерінің ең үздік 50 ұлын жібереді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара ұмытылмас шоу болмақ.

Іс-шараның бағдарламасы өте ауқымды. Ең алдымен Самар ауылында Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің ашылу салтанаты рәсімі өтеді. Сол жерде облыстың шығармашылық жастары арасында ұлы ойшылдың шығармаларының әдеби оқуы өтеді.

Одан кейін аймақ қонақтары үшін көршілес Тарбағатай ауданында орналасқан емші Ырғызбай Досқанұлының бейітіне саяхат ұйымдастырылады.

Саяхат аяқталған соң  "Толағай Сұлтаны" байқауы басталмақ.

- Байқау спорттық және шығармашылық бөлімнен тұрады, - дейді ұйымдастырушылардың бірі, Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев. – Бірінші турда қатысушылар Аударыспақ, Теңге алу, жамбы ату сынды ұлттық ат спорты жарыстарында, және қазақ күресі мен армрестлингте өз күшін, ептілігін және өнерлерін көрсетеді.

Екінші бөлім қатысушылардың басқа да таланттарын ашады. Олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады.

"Толағай Сұлтаны" атағын алған жігіт бас жүлде – темір тұлпарды тізгіндейді. Басқа қатысушылар да демеушілер дайындаған түрлі сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, ұлттық спорт ойындары  өңірдегі қарапайым тұрғындар арасында да өтеді. Әрбір ниет білдіруші жарысқа қатысушы бола алады немесе жарысқа өзінің тұлпарын қоса алады.

Салтанатты шара Гала-концертпен және кешкі от шашумен аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив