KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, З
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да жеміс-жидектердің бағасы шарықтап кетті

26.07.2019, 09:29 183

Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің саны 16 461 бірлікті құрайды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1 пайызға жоғары. Бұл туралы облыстық статистика департаменті басшысының міндетін атқарушы Берік Терлікбаев брифингте мәлім етті.

Ағымдағы жыл басынан бері облыстағы негізгі капиталға 276,7 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 67,1 пайызға жоғары. Баға статистикасы басқармасының бас маманы Татьяна Ковалеваның айтуынша, биыл азық-түліктің құны 5,2 пайызға өскен.

– Биыл жеміс-жидектің бағасы айтарлықтай қымбаттады. Әсіресе жүзім, банан, алмұрт сияқты жемістердің бағасы шарықтап кетті. Ал апельсин мен алманың бағасы керісінше арзандады, – дейді Татьяна Ковалева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив