KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да қырыққабат 54,5%-ға қымбаттады – Статистика департаменті

9.04.2019, 05:43 154

Наурыз айында өңірде көкөністер мен жемістердің бағасы өсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Облыстық Статистика департаменті ағымдағы жылдың наурыз және ақпан айларындағы азық-түлік бағасын салыстырып,  бірқатар өнімдердің қымбаттағанын анықтады.

 

Мәселен, күріш, тары және жарма бағасы екі пайызға  өскен екен. Сонымен қатар қырыққабат 54,5%, тәтті бұрыш 8,8%, қияр 8%, қызылша 6,6%, пияз 6,5% , қызанақ 5,7%-ға қымбаттады.

 

Ал керісінше, шикі сүт, жұмыртқа, алма, апельсин, алмұрт сынды өнімдер арзандады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу