KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде қараусыз қалған жағалау саябаққа айналды

16.07.2019, 10:44 167

Өскемендегі көп жылдан бері қараусыз, иен жатқан аумақта жаңа спорттық-табиғи-экологиялық саябақ бой көтерді.
Өткен жылы облыс әкімі ДаниалАхметовтің тапсырмасымен бұл жерде ауқымды абаттандыру жұмыстары басталды. Нәтижесінде, мұнда тамаша демалыс орны пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ағымдағы жылдың 15 тамызында «Самал»саябағындағы ауқымды абаттандыру жұмыстары толық аяқталады. Өскеменде салыныпжатқан жаңа саябаққа барған облыс әкімі Даниал Ахметов осылай деді.

– Бұл жер өскемендіктер мен қала қонақтарыныңсүйікті орындарының біріне айналады. Рас, былтыр осы жұмысты бастағалыжатқанда, бұл әрекетімізге күмәнмен қарағандар көп болды. Өйткені бұл жер көпжыл бойы қараусыз, иен жатқан еді. Дегенмен біз бір-ақ жылдың ішінде оны адамтанымастай етіп өзгерттік. Жалпы, бұл саябақты қаладағы басқа парктердентабиғаты ерекшелеп тұратын болады. Ең бастысы, мұнда келушілер спорттың барлықтүрімен айналысатын болады. Оған барлық жағдай жасалады, – деген аймақ басшысыдемалыс орны аумағында атқарылған жұмыстарды оң бағалап, нысан қолданысқа уақтылыберілуі керек екенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа саябақ Октябрь аралында салынуда. Онда заманауи жағажай, түрлі спорттық нысандар, жүгіруге арналған жолақтар, велосипед жолы, роллердром, скейтпарк, балалар алаңқайлары мен фудкорттар (тамақтанатын орындар), полиция мен медициналық пункт сияқты нысандар пайда болмақ.

Бүгінде саябақтың сыртына кем дегенде 200 автомобильсыятын көлік тұрағын да салған. Сондай-ақ, мұнда демалушыларға құтқарушылар мен медицина қызметкерлері тиісті көмек түрлерін көрсететін болады.

Саябақ аумағына көлікпен кіруге тыйым салынады. Мұндағы басты мақсат – демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сол сияқтыитпен кірем деушілерге бөлек аумақ беріледі.

– Осы саябақта барлығы табиғи болуы керек. Тұрғындар мұнда тек демалуға ғана емес, табиғатқа бір табан болсын жақындау үшін келулері тиіс. Сондықтан, газондарды қырқып, қара жерді тегістеудің де қажеті жоқ, - деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу