Келер жылы өртсөндірушілердің еңбекақысы өседі
Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар айынан бастап өртсөндірушілердің еңбекақысы 55 пайызға өседі. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдай бойынша Комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Бұған қатысты тапсырма берілді, қазір есептеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Келер жылдың қаңтар айынан бастап еңбекақы көтеріледі деп күтіп отырмыз. Қазір өрс сөндіру қызметіне жаңадан келген жұмысшының жалақысы 66 мың теңге болса, демек қайтардан бастап 98 мыңға өседі. Ал 98 мың теңге мөлшерінде еңбекақы алып жүргендердің айлығы шамамен 156 мың болады, - деді Владимир Беккер.
Оқи отырыңыз