Облыс аумағында қураған шөп өртеніп жатыр
ШҚО аумағында қураған шөп өртенуде. Өрт Жарма, Аягөз, Абай аудандары мен Семей, Курчатов қалаларының маңында тіркеліп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Соңғы тәуліктерде бес өрт болды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қураған шөп, жапырақтар, егістіктер мен терек мамығы өртеніпті. Әбүйір болғанда, өрт елдің мекендерден шалғай жерлерде тұтанған екен.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам мен 7 автоцистерна жұмылдырылды. Сондай-ақ, тілсіз жауды ауыздықтауға жергілікті атқарушы органдардың өызметкерлері мен шаруа қожалықтарының жұмысшылары көмектескен.
Оқи отырыңыз