KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Алтай қаласында ұрылар шатырдан ұялы байланыс станциясының құрылғысын ұрлап кетті

13.07.2019, 08:32 1 002

Алтай қаласының полиция бөліміне ұялы операторлардың бірінің менеджері арызданды. Оның айтуынша, бос тұрған ғимараттың шатырынан біреулер базалық станция құрылғысын ұрлап кеткен екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ұрланған құрылғының құны 9 миллион теңгеден асады.

Жедел-іздеу шараларының барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы қала тұрғынын қамауға алды. Күдікті бұрын сотты болған. Қазір 30 жастағы екінші күдіктінің аты-жөні анықталып, оған іздеу салынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу