KZ
Өскемен
небольшой снег Штиль
494.87 520.65 4.91

Семейлік студент қала тұрғынының үйіне кіріп, телефон ұрлаған

23.08.2021, 09:43 400

Семей қаласының орталық полиция бөліміне 40 жастағы хабарласып, шілде айының соңында белгісіз тұлға оның үйіне кіріп, қонақ бөлмесінің үстелінде тұрған құны 70 000 теңге тұратын «Redmi» ұялы телефонын ұрлап кеткені айтып, арызданды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары телефон ұрлады деген күдіктіні анықтады.

Ол қаланың жергілікті тұрғыны 18 жастағы колледж студенті болып шықты. Заттай дәлел ретінде күдіктіден ұрланған ұялы телефон тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу