KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

ШҚО әкімі Глубокое кентіндегі 60 пәтерлі үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты

12.07.2019, 11:05 182

Глубокое кентінде салынып жатқан 60 пәтерлі тұрғын үй уақытынан кешіктірілмей пайдалануға берілуі тиіс. Бұл туралы ауданға сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аудан орталығында бой көтеріп келе жатқан бес қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына «DK project» компаниясы жауапты. Аумағы бес мың шаршы метрді құрайтын нысандағы жұмыстар былтыр басталған болатын. Жобаның жалпы құны – 500 миллион теңге шамасында.

Қазір құрылысшылар нысанның бірінші қабатын салуда. Облыс әкімімен кездескен мердігер компанияның басшылығы жұмыс кестеден кешіктірілмей жүргізіліп жатқанын айтты.

Ал аудан әкімі Қалихан Байғонысовтың хабарлауынша, алдағы 2020 жылы Глубокое кентіндегі баспана кезегінде тұрған 60 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болмақ. Оның ішіндегі 15 пәтер көпбалалы отбасыларға беріледі деп жоспарланып отыр. Осы ретте қазір Глубокоеда баспана кезегінде тұрған үш және одан да көп баласы бар 52 отбасы тұрып жатқанын айтқан абзал.

Кездесу барысында мердігер компанияның басшылығы мұндағы шешімін таппай тұрған бір мәселенің басын ашып айтты. Оның мәліметінше, үйдің құрылысы мен инженерлік жүйелерін тарту жұмыстары қатар жүргізілуде. Алайда, инфрақұрылым салуға қажетті 190 миллион теңге көлеміндегі қаражат республикалық бюджеттен бірнеше траншпен аударылуы тиіс.

– Бұл құрылыс жұмыстарына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Осының кесірінен нысандағы жұмыстар кемі жеті айға кешіктірілуі мүмкін, – деген компания өкілі облыс әкімінен аталмыш мәселені шешуге көмектесуді сұрады.

Бұған аймақ басшысы қажетті соманы облыстық бюджеттен де бөлуге болатынын айта келе, ең бастасы, үйдің құрылыс жұмыстары уақтылы аяқталуы тиіс екенін ескертті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив