KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Глубокое ауданындағы спорт кешеніне жоғары баға берілді

16.07.2019, 08:53 137

Глубокое ауданының орталығында бой көтерген денешынықтыру-сауықтыру кешенінің сапасына облыс әкімі Даниал Ахметов те жоғары баға берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ауданға жасаған жұмыс сапары барысында аймақ басшысы таяуда Глубокое кентінде пайдалануға берілуі тиіс жаңа спорттық нысанның ішін аралап көрген болатын. Облыс әкімі құрылысқа жауапты «Еңбек-Өскемен» компаниясының жұмысына оң баға беріп, нысан кестеден кешіктірілмей берілуі тиіс екенін ескерткен-ді.

Айта кетейік, аталмыш жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен шамамен 300 миллион теңге көлеміндегі қаражат бағытталыпты. Мердігер компания басшылығы берген мәліметке сүйенсек, 0,45 гектар жерді алып жатқан ені – 20, ұзындығы 48 метрді құрайтын модульде бір мезетте 100-ге жуық спортшы жаттыға алады екен. Мұнда жоспар бойынша алдымен бокс, волейбол, дзюдо және футбол секциялары ашылмақ. Кейін олардың қатарына басқа спорт түрлері де қосылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив