Қазақстанда оқу ақысы қымбаттамайды – Білім және ғылым министрлігі
Елімізде ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттады деген ақпарат таралуда. Осы жаңалыққа қатысты Білім және ғылым министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Министрліктен берілген ресми ақпаратқа сүйенетін болсақ, оқу ақысы қымбаттамайды екен. Таралған хабар жалған ақпарат болып табылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесші Ерболат Мұхамеджан Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстандағы 131 ЖОО-ның көбі жекеменшік болғандықтан, оқу ақысын нарықтағы жағдайға қарай өздері реттейтін көрінеді. Қазір қазақстандық жоо-ларда білім 350-420 мың теңгеге бағаланады.
Ерболат Мұхамеджанның мәліметіне сәйкес, кейбір ЖОО-лар, керісінше, оқу ақысын 5 пайызға төмендетіп отыр екен.