KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ҚР БҒМ: ЖОО қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген баспана жайлы ақпарат — фейк

20.07.2022, 12:12 135
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство оның шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 
19 шілде күні әлеуметтік желілерде белгілі бір сайтқа сілтеме жасай отырып, ЖОО қызметкерлері арасында тұрғын үйге қажеттілік тізімін жасау үшін сауалнаманы толтыру сұралған хабарландыру таралды, делінген stopfake.kz сайтында.
ҚР БҒМ ресми хабарламасында, аталған сайттағы ақпарат алаяқтық әрекет болып табылатыны айтылған. Ондағы мақсаты жоғары оқу орындарының қызметкерлері туралы жеке деректерді жинау болып табылады.
Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады және Министрліктің бастамалары туралы хабарлау қажет болған жағдайда электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізілген ресми ақпарат арналары пайдаланылатынын мәлімдейді, - деп жазды ҚР БҒМ баспасөз қызмет.
Аталған оқиға бойынша ақпарат құқық қорғау органдарына берілгені айтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу