Жер үйді де алуға болады. Әскери баспана» бағдарламасы
ШҚО-да 286 әскери қызметкер «Әскери баспана» бағдарламасы арқылы пәтерге қол жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мәліметіне сенсек, 286 әскери қызметкер бір ай ішінде құжат өткізді. Соның 176-сы әне-міне қағаз жұмыстарын аяқтағалы ортырса, 110-ы пәтерге көшіп те алды.
Әскери қызметкерлер көбіне 2 және 3 бөлмелі баспаналарға ұсыныс жасаған.
– Бұл – аталмыш бағдарламаның екінші кезеңі. Ал үшінші кезең 2020 жылы жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында несие 8 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ал алдын ала үй құнының 15 пайызы салынуы тиіс. Өзге де сұрақтар болса, банкке келіп біле аласыз, – деді банктің баспасөз қызметкері.
Айта кетейік, бұл бағдарламамен жер үйді де сатып алуға болады.