KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Сарғайған ыдыс-аяқтардың өңін ашуға арналған бірнеше кеңес

28.06.2019, 04:48 263

Қасықтарыңыз сарғайып, алғашқы өңінен айырылса, әр қайсын жуып уақыт кетірмейтіндей үнемді тәсілін ұсынамыз.

Май мен шай жиналған қасықтарыңызды ыдысқа салып, үстінен екі шай қасықтан ас содасы мен тұз қосамыз, екі шай қасық сіркесуға қайнаған су қосып, 20 минут бойы қайнатып, кейіннен таза сумен шайып аласыз.

Қазаныңыздың түбіндегі май қалдықтарын кетіру үшін, кез-келген тіс пастасын кірлеген жерге жағып, темірмен ысқылаңыз.

Іші қақ шәйнекті тазалау үшін, лимон қышқылынан екі ас қасық салып, бір сағат қайнату керек.

Ас үйдегі майлықтардағы жағымсыз ис пен дақтан құтылу үшін, қайнаған ыстық суға майлықты салып, үстінен кір жуғыш ұнтақ, көк сабын, бір кесе шемішке майын және 5-6 тамшы эфир майын қосып, бір түн қалдыру қажет.

Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті кетіру үшін, қарапайым ас содасының аузын ашып, не ыдысқа салып, ішінде қалдырған жөн.

Ыдыс жуатын жөкені бактериярдан арылту үшін ыдыс жуғыш сұйықтқты құйып, ақырын ғана қысып алып, қысқатолқынды пешті қосып екі минутқа қалдырыңыз.

Тоңазытқыштан алып шыққан сары майыңыз тез еруі үшін, кесені ыстық сумен шайып, не болмаса булап алып бір минутқа үстінен жауып қою керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу