Ертіс өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Өскеменде Ертіс өзенінен 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдай басқармасының айтуынша, қазір оқиғаның жай-жапсары зерттелуде. Жағалаудан суға кеткен ер адамның киімдері табылған.
Суға шомылу маусымы басталғалы ШҚО-да 20 адам суға кеткен. Құтқарушылар тобы, тілсіз жаудың құрбаны болғандардың барлығы шомылуға арналмаған орындарда суға түскенін айтады. Сол себепті, демалушыларға өз өмірлеріне бей-жай қарамауды ескертеді.
Оқи отырыңыз