«Ауыл аманаты»: Тарбағатай ауданында жаңа наубайхана жұмысын бастады
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Құйған ауылында ауыл экономикасына серпін беретін игі бастама жүзеге асты. Елді мекенде көптен күткен жаңа наубайхана ашылып, ауыл тұрғындарына күн сайын жаңа піскен, сапалы нан ұсыну ісі жолға қойылды. Бұл жоба – «AMANAT» партиясы қолға алған «Ауыл аманаты» бағдарламасының нақты нәтижелерінің бірі, деп хабарлайды Altainews.kz.
Аталмыш бағдарламаның қолдауына ие болған ауыл тұрғыны Нұргүл Бөлекбаева осы уақытқа дейін армандап келген кәсібін қолға алу мүмкіндігіне ие болды. Бағдарлама шеңберінде алынған төмен пайызды жеңілдетілген несие, құжаттарды рәсімдеудің қарапайым процесі Нұргүлдің кәсіпті қысқа мерзімде бастап кетуіне жол ашқан. Қажетті заманауи жабдықтар орнатылып, наубайхана толық қуатында жұмыс істей бастады. Қазірдің өзінде ауыл тұрғындары күні бойы тоқтаусыз шығарылатын жаңа, хош иісті нанның игілігін көріп отыр.
Кәсіпкер Нұргүл Бөлекбаева бұл жобаның тек өзінің арманы ғана емес, бүкіл ауылдың ортақ қуанышы екенін айтады:
Жаңа өндіріс орындарының ашылуы – ауылдағы жұмыс орындарының көбеюіне де ықпал етеді. Наубайхана іске қосылғаннан кейін жергілікті бірнеше тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл – ауылдағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған нақты қадам.
Құйған ауылында ашылған наубайхана – мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың ауыл өмірін жаңғыртып, кәсіпкерлік белсенділікті арттырып келе жатқанын дәлелдейді. Бұл жоба алдағы уақытта ауылдың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, шағын бизнестің жаңа бағыттарын дамытуға да серпін бермек.



