KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Егер көршіңіз мазасыз болса қайтпек керек?

24.06.2019, 04:45 145

 Қабырғаның ар жағындағы көршілеріңіз ұрсысып жатса да учаскелік инспекторға қоңырау шалуыңызға болады. Бұл тіптен сіздің азаматтық борышыңыз десек те болады.

Бұл туралы Өскемен қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі №11 учаскелік полиция пунктінің жұмыс ұйымдастыруға жауапты қызметкері, полиция майоры Ерікжан Мұхтариев айтып берді.

Инспектордың міндетіне бірқатар заңбұзушылықтардың, соның ішінде отбасыдағы қорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жедел-алдын алу шарасын өткізу де кіреді.

Бұл жерде тағы бір айта кетерлік жайт, егер шу кешкі сағат 23.00-ге дейін шықса онда заңбұзушылық орын алмаған деп саналады.

Бірақ учаскелік инспектор бәрібір де хабарламаға құлақ асып, тым қатты шулайтын тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізуі қажет.

Егер тыныштық түнгі уақытта бұзылса (сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін), құқық бұзушыларға әкімшілік шара қолданылады. Бұл сондай-ақ түнгі уақытта пәтерде жөндеу жүргізген тұрғындарға да қатысты.

– Түнгі тыныштықты бұзатын тұрғындарға қатысты жоғарыда атап кеткен Кодекстің 437-бабы қолданылады. Кейбір кезде қандайда бір кәсіпорын, я болмаса дәмханалар тұрғын үйлерге жақын, тіпті көпқабатты үйлердің астында орналасып жатады. Ал олардан шыққан шу шектен шығып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда біз тұрғындардың шағымы бойынша мәселені назарға алып, арызды санитарлық-эпидемиологиялық қызметке бағыттаймыз. Аталмыш мекеме қызметкерлері арыз иесінің үйіне келіп өздерінің дыбыс мөлшерін өлшейтін құрылғыларымен есептеп, шамадан асқан жағдайда шара қолданады, – дейді Ерікжан Мұхтариев. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу